2023 жылғы 7 қазанда Новоямышево ауылында Павлодар ауданының 95 жылдығына орай ерлер командалары арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа Павлодар ауданының командалары қатысты. Қиын күресте бірінші орынды Кеңес ауылдық округінің командасы, екінші орынды Ольгинка ауылының өкілдері, үшінші орынды Рождественский ауылдық округінің ұжымы жеңіп алды
Жеңімпаз ерлер командасы Кубок пен грамотамен және медальдармен марапатталды. Сәйкесінше 2 және 3 орындарға ие болған қатысушылар грамоталар мен медальдарға ие болды.