ҚОШ БОЛ, МЕКТЕБІМ!

ҚОШ БОЛ, МЕКТЕБІМ!

Міне, оқу жылы да аяқталып, соңғы қоңыраулар сыңғырлап, оқушылар
жазғы демалысқа шықты. Биыл 123 түлек мектеп бітіріп, алтын ұя
мектебінен ұзап, үлкен өмірге жолдама алмақ.

Шақат орта мектебінде соңғы
қоңырау мерекесі сән салта-натымен ұйымдастырылды.
Жастардың өміріндегі маңызды
мерекемен аудан әкімі Николай
Дычко құттықтады.
Аудан басшысы өз үндеуінде
оқушыларды оқытудың маңызды
рөлін атап өтіп, Қазақстанда са-палы және лайықты білім алу
үшін барлық жағдай жасалып
жатқанын атап өтті. Мәселен,
Павлодар ауданында соңғы үш
жылда сегіз мектепте күрделі
жөндеу жүргізілді, жыл сайын
материалдық-техникалық база
жаңартылуда.
– Шақат мектебі өскелең
ұрпақты тәрбиелеу мен білім
беру сапасы бойынша ауданда
ілгері тұр. Мектеп оқушылары
республикалық, облыстық,
аудандық жарыстар мен олим-пиадаларда жүлделі орындарға
ие, сондай-ақ қазақ күресі, фут-бол, жеңіл атлетика, кикбоксинг
бойынша спорттық жарыстардың
жүлдегерлері болып табылады.
Мектепте өз ісін жақсы көретін
дарынды педагогтардан тұратын
мықты педагогикалық құрам
қалыптасты, - деді Николай Ва-сильевич.
– Бүгін аудан түлектері үшін
бұл соңғы қоңырау мәңгі есте
қалатын сәт болды. «Алтын
белгі» иегерлерінің саны артып
келе жатқаны қуантады. Ал-тын белгіге алты үміткер бар,
олардың екеуі Шақат мектебінің
түлектері.
Бастауыш сынып оқушылары
түлектерге қошемет көрсетіп,
олар гүлдермен безендірілген ақ
жолдан өтіп, қонақтарға әсерлі
музыкалық композициялар
орындады.
Кеше ғана мектеп оқушысы
болған түлектер емтихан ал-дында сүйікті мұғалімдерімен
кездесіп, ата-аналарына,
мұғалімдерге алғыс айтып,
қоштасу сөздерін арнады.
– Құрметті түлектер, сіздердің
алдарыңызда жауапты кезең.
Бұл жинақылықты қажет етеді.
Үлкен өмірге қадам басып
отырсыздар, алда тек жақсы
жаңалықтар болсын. Сіздерге
батылдық, өздеріңізге күш-жігер,
сенімділік және әрқашан сәттілік
тілеймін. – деп мектеп дирек-торы Алмагүл Ысқақова да ақ
тілегін арнады.
Айта кетер болсақ, биыл ҰБТ-ны 123 түлектің 97-сі тапсырады.
Барлық сынақтардан кейін бала-ларды түлектер кеші күтіп тұр.
Павлодар ауданының түлектері
үшін мерекелік іс-шаралар 20-22
маусым аралығында өтеді.
Рабия ЕРАЛЫ.
Суретті түсірген –
Татьяна ВЕРВЕЙКО