Құрметті Павлодар ауданының тұрғындары!

Құрметті Павлодар  ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Еліміздің саяси тұрақтылығын білдіретін бұл мерекені бәріміз мақтан тұтамыз. Мемлекеттік рәміздер мемлекеттің егемендігінің нығаюын бейнелейді, құндылықтарды, болашаққа арналған жоспарларды көрсетеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық саяси аренада, экономика мен қоғамды дамытуда зор табыстарға қол жеткізді. Мемлекетіміз ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісіне айналды. Еліміздің тұрақты дамуы үшін әрбір азаматтың еңбегі, білімі, тәжірибесі маңызды.
Біздің ортақ міндетіміз – Қазақстанның бүгінде әйгілі болған барлық жетістіктерін нығайтып, көбейту.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің мұрамыз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тари-хына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүріне деген терең құрметтің қайнар көзі.
Біз рәміздерімізді қастерлеп, олардың мәнін ұғынуға міндеттіміз.
Қазақстандықтардың әлемдік деңгейде қызметтің әртүрлі салаларында: мәдениетте, спортта, білім беруде жоғары жетістіктері бар екені қуантады.
Халықаралық аренадағы чемпиондары-мыз Қазақстанның туын көтеріп, әнұранын мақтанышпен орындайды.
Мемлекетіміздің лайықты болашағы бізден бірлескен күш-жігерді, жасампаз және жемісті жұмысты талап етеді. Қазақстандық патрио-тизм – ел ұлылығының сенімді кепілі.

Құрметті жерлестер!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық пен амандық, қуаныш пен шаттық, бейбітшілік пен келісім, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Николай ДЫЧКО,
Павлодар аудан әкімі