АЛТЫ ОҚУШЫ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ

АЛТЫ ОҚУШЫ  «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ

Аудан әкімі Николай Дычко биылғы мектеп түлектерінің
арасында «Алтын белгімен» бітіріп жатқан оқушылармен
кездесті. Дөңгелек үстелде балалар болашақ жоспарларымен бөлісіп, облыстық және аудандық мәслихат депутат-тарына өздерінің сұрақтарын қойды. Кездесу «AMANAT» партиясының аудандық филиалында өтті. Павлодар аудандық білім беру бөлімі мамандарының хабарлауынша, биыл алты оқушы «Алтын белгі» дәрежесімен бітіріп жатыр. Олар – Преснов орта мектебінің оқушысы Руслан Мерибаев,
Шақат орта мектебінің оқушылары Шухрат Дүйсенов, Расул Кораблёв, Мичу-рин мектебінің оқушылары Эвелина Штелерман, Игнат Ефимов, Розов орта мектебінің түлегі Виктория Касьянова. Алдымен аудан басшысы дөңгелек
үстелге қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, аудан оқушылары биыл да көптеген жетістіктерге жеткенін атап өтті.
– Мұндай жоғары жетістіктер мен жақсы нәтижелер сіздердің алдарыңызға үлкен міндеттер қойып, үлкен жауапкершілік жүктейді деген ойда-мын. Қазірдің өзінде сіздер болашақ жоспарларыңызды айқындап, алдағы өмірде кім болатындарыңызды және қандай мамандық таңдайтындарыңызды анықтап алуыңыз керек. Бүгінгі таңда жастардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік бар. Тіпті шетелге де жол ашық. Сондықтан, біреулеріңіз шетелге шықсаңыздар, біреулеріңіз Қазақстанда білім аларсыздар. Бірақ басты мақсат – өз Отаныңыздың және өз туған ауылыңыздың дамуына үлес қосу болу керек, - деді Николай Васильевич.
Кездесу барысында түлектер алдағы уақытта қандай мамандықтар таңдап, қандай жоғары оқу орындарында
оқығысы келетіндерін айтты. Негізінен, «Алтын белгі» иегерлерінің көбі медициналық мамандықтарды, IT сала-сын, аударма ісін, тарих мамандықтарын таңдағаны белгілі болды. Сондай-ақ, оқуларын бітірген соң өздерінің туған ауылдарында еңбек етуге дайын екенін де жеткізді.
Әңгімелесу барысында Павло-дар ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Серік Жарты-баев көптеген талапкерлер шетелдік оқу орындарына түсуге құлықсыз екенін жасырмады. Бұл үрдісті оқушылардың мектеп қабырғасында ағылшын тілін жетік меңгермей шығуымен байланыстырды.
– Басқа елде білім алған жастардың елге оралып, қоғамның әртүрлі сала-ларында лауазымды қызметтер атқарғаны біз үшін өте маңызды. Мен бұл тәжірибені үйлесімді даму үшін
қабылдауымыз керек деп санаймын, сондықтан балаларымызға ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы бағдарлама жасауды ұсынамын. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының ұйымдастырушыларымен байланы-сып, Павлодар ауданынан бітірген балалардың әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқуына мүмкіндік
қарастыру қажет. Бұл біздің ауданның дамуына зор серпін береді, - деді Серік Тілеуханұлы.
Кездесу соңында аудан басшысы «Алтын белгі» иегерлеріне үлкен өмірге ақ жол тілеп, естелік сыйлықтар табыстады.
Тілеуберді САХАБА.