ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕГІ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР –  ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕГІ

Қазақты өзге жұрттан ерекшелеп тұратын ең басты артықшылығы – ұлттық құндылықтары. Соның ішінде ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындарымыз ғасырдан ғасырға жалғасып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ата-бабаларымыздың сол аманатына қиянат жасамай, одан
ары дамытып, кейінгі ұрпаққа жеткізу бүгінгі буынның міндеті. Павло-дар ауданының 95 жылдық мерейтойына орай Шақат ауылында өткен ұлттық ойындар жарысының басты мақсаты да - осы.

Шақат ауылдық округінің әкімі Ерболат
Қанкиннің сөзінше, ұлттық құндылықтарды
дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар
сайысын ұйымдастыруды ауыл халқы
дәстүрге айналдырған. Яғни, жылына бір
мәрте аудан және ауыл тұрғындарының
басын қосып, әртүрлі ұлттық ойындар
мен ұлттық спорт түрлерінен сайыс
өткізіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар
таратады. Сонымен қоса, әр жыл сайын
жаңадан бір жарыс түрін қосып отырады.
Биылғы дүбірлі дода барысында жастар
мен ересектер арасында қазақ күресі,
қошқар көтеру сайысы, тоқ бәйге және ала-ман бәйге ұйымдастырылды. Ал білекті
жігіттер теңге алу мен аударыспақтан күш
сынасса, аңшылар тазы иттерін жарысқа
қосып, нағыз жүйріктері анықталды.
Мерекелік шараның ашылу салта-натына аудан әкімі Николай Дычко
қатысып, тұрғындарды ауданның 95
жылдық мерейтойымен құттықтады. Одан
кейін Шақат ауылының әкімі Ерболат
Қанкин сөз сөйлеп, барша атсалысқан
ауылдастарына және қолдау көрсеткен
кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
– Павлодар ауданы Шақат ауылының
тұрғындарының береке-бірлігі өте
мығым деуге болады. Оның барлығы
осындай үлкен жұмыстардан, шаралар-дан байқалады. Біздің ауылда әр жыл
сайын осындай шара өткізіп, ұлттық
дәстүрлерімізді дәріптеп, ұлттық ойын-дар мен спорт түрлерін көрсетеміз.
Мақсатымыз – қазақтың ұлттық ойында-рын жалпыхалықтық деңгейде насихат-тау, жастардың санасына сіңіру. Павлодар
өңірінің туристік әлеуетін көрсету, дамыту.
Бүгінгі ұлттық ойындар сайысының сәтті
өтуіне ауыл азаматтары атсалысып,
ауыр жүгін жұмыла көтерісуде. Соны-мен қатар барлық қаржылық шығындар
мен жеңімпаздардың жүлдесін жеке
кәсіпкерлер шығарды. Қолдау көрсеткен
барша ауылдастарға шынайы алғысымды
білдіремін, - деді Ерболат Дәурешұлы.
Жиналған қауымның құрметіне алды-мен балалар арасында қазақ күресі
өтті. Спорт десе ішер асын жерге
қойған, білекті де жүректі жастар боз
кілемде белдесіп, әдемі өнер көрсете
білді. Жеңімпаз болған жеткіншектерге
ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Одан
кейін ересектер арасында түйе палу-андар белдесті. Боз кілемде бабы мен
бағы келіскен Аққулы ауданы Мерғалым
ауылының палуаны Манат Рахат
жеңімпаз атанды. Ал қошқар көтеру сай-ысында павлодарлық палуан Халел Диас
60 келілік қошқарды 102 мәрте көтеріп,
жеңіске жетті. Қос палуанға бір-бір қойдан
берілді. Мерекелік жарысқа жиналғандар
үшін тазы иттердің жарысы өте қызықты
әрі тартысты болды. Тазылар жарысы 500
метр және бір шақырым қашықтықта өтті.
Яғни, үлкен иттер мен күшіктерді екі бөлек
сынға түсірді. Тазы жарысына 15 аңшы ит
әкеліпті. Соның ішінде Баянауыл ауданы
Майқайың кентінен келген Заманбетовтің
жүйрік тазысы қашқан аңға бірінші жетіп,
жеңімпаз атанды. Екінші орынды Пав-лодар қаласынан келген Көптілеуовтің
«Томпақ» есімді тазы иті еншіледі.
Үшінші орын Баянауылдың Майқайың
кентінен келген Бауыржан Серіковтің
«Тұйғын» атты тазысына бұйырды. Күшік
жарысының қорытындысы бойынша
майқайыңдық Қали Ернұрдың «Шор»
атты күшігі жеңіске жетті. Екінші орын Ақсу
қаласының Қызылжар ауылынан кел-ген Әлмағамбетовтің «Айғара» күшігіне
бұйырса, үшінші орында Ақсу қаласы
Ақжол ауылының тұрғыны Тұрсынбековтің
баптап әкелген күшігі келді.
Осы күні Шақат ауылы жанындағы үлкен
атшабарда екі түрлі бәйге өтті. Оның
бірі 12 шақырымды құрайтын тоқ бәйге.
Жарыс нәтижесінде Аққулы ауданының
Шарбақты ауылынан келген «Зытар» деп
аталатын тұлпар мәре сызығына бірінші
кесті. Екінші болып Май ауданының «Нури-камал» атты жүйрігі келді. Үшінші орын
Павлодар ауданы Қаракөл ауылының
«Құлагер» тұлпарында. Аламан бәйгеде
бірінші және екінші орындарды Май
ауданының «Бақтұма» және «Малыш»
атты жүйріктері жеңіп алды. Павлодар
ауданы Маралды ауылының «Паланша»
тұлпары үшінші болып мәре сызығын
кесті. Барлық шабандоздар ақшалай
сыйлықтармен марапатталды.
– Бүгін Шақат ауылына келіп бір дема-лып қалдық. Шынымен керемет жарыс-тар ұйымдастырылды. Ауданымыздың
мерейтойына жергілікті тұрғындардың
өздері ниет білдіріп, киіз үй тігіп, дастархан
жайғаны ұнады. Мұндай шаралар әсіресе
өскелең ұрпақ үшін үлгі болады. Ұлттық
құндылықтарымыз және тарихымыз бен
салт-дәстүріміздің осындай мерейтой-ларда көрініс табуы қуантады. Павлодар
ауданы көркейе берсін! Барлық аудан
тұрғындарын мерекемен құттықтаймын, -
деді аудандық мәслихат депутаты Мадина
Жұмадиева.
Тілеуберді САХАБА.