Мәселелер шешімін табуда

Мәселелер  шешімін табуда

Өткен аптада аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуі басталды.
Он үш ауылдық округтің тұрғындары аудан басшысына өздерін
толғандырған сұрақтарды қойып, жауап алды. Ж
алпы, кездесулер
барысында елуден
астам сұрақ қойылды,
олар ауылдық аумақтарды
абаттандыру, жолдарды
жөндеу, шыбын шіркейді
улау, электрмен жабдықтау,
балалар алаңдарын салу,
тұрғын үймен қамтамасыз
ету және сапалы ұялы бай-ланыс мәселелеріне қатысты
болды.
Сонымен, Ольгинка мә-дениет үйінің басшысы Петр
Пучек МҮ залында арнайы
жарықтандыру техникасы
жоқ екеніне назар аудар-ды, сондықтан бұл жерде
әрдайым қараңғы болып,
сахнаның көрінісі ұсқынсыз
екенін тілге тиек етті. Аудан
басшысы концерт залын
құлпыртып, безендіру артық
еместігін байқап, келесі жылы
жарықтандыру жабдықтарын
сатып алуға жобалық-сметалық құжаттама жаса-туды тапсырды. Сонымен
қатар Николай Дычко аудан-да мәдениетті дамыту үшін
көп нәрсе жасалып жатқанын
атап өтті. Атап айтқанда,
он LED-экран сатып алын-ды, көркемөнерпаздар
ұжымдары үшін сахналық
костюмдер жаңартылуда,
музыкалық аспаптар мен ап-паратуралар сатып алынуда.
Григорьевка және Кеңес
ауылдық округтерінде адам-дар электрмен жабдықтау
сапасына наразы: көбінесе
кешке жарық сөніп
қалады, тұрмыстық электр
құрылғыларының толық
жұмыс істеуі үшін желідегі
кернеу жеткіліксіз. Нико-лай Васильевич бұл мәселе
ауданның көптеген ауылда-рында өткір тұрғанын атап
өтті, себебі электр желілері
әлдеқашан ескірген, олар тек
жөндеуді ғана емес, толық
жаңартуды қажет етеді. Бұл
мәселе облыстық деңгейде
шешілетін болады, бұл ту-ралы Павлодар облысының
әкімі Асайын Байханоа
мамыр айының басында
Жаңаямышев ауылында
өткен аудан тұрғындарымен
кездесу барысында айт-ты. Бұл бағыттағы жұмыс
қазірдің өзінде басталды.
Луганск ауылдық округінің
тұрғындары бақташысыз
бос жүрген мал, оның
ішінде егінді бірнеше жыл
таптап жүрген жылқылар
мәселесіне ерекше на-зар аударды. «Луганск» ӨК
төрағасы Петр Кузьменконың
айтуынша, осының салда-рынан кәсіпкерлер орасан
зор шығынға ұшырайды.
Осылайша, 2022 жылы бір
жарым мың гектар бидай
жоғалды.
Жергілікті полиция қызме-тінің бастығы мал жаюды
заңсыз жүзеге асыратын
адамдарға қатысты әкімшілік
жаза қолданылатынын,
сондай-ақ ұсыным мекен-жайы жасалатынын атап
өтті. Егер барлық нұсқамалар
орындалмаса, іс одан әрі
қарау үшін сотқа беріледі.
Сонымен қатар Луганск
тұрғындарына мамыр
айының соңына дейін үш
ауылда қоршалған ойын
алаңдары пайда болаты-нын, сондай-ақ футбол
алаңындағы жабынды ауыс-тыру мәселесі қаралатынын
айтты.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарын барлық мәселелерді бақылауға алынғанына, олардың барлығы бірден емес, кезең-кезеңімен шешілетініне сендірді. Сонымен қатар ол көптеген мәселелердің шешілуі тиімді болуы үшін жергілікті өзін-өзі басқару жұмысының маңыздылығын еске салды.
Рабия ЕРАЛЫ.