Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов Ертіс және Павлодар аудандарында, сондай-ақ, Павлодар қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барды

Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов Ертіс және Павлодар аудандарында, сондай-ақ, Павлодар қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барды

Өңір басшысы оларды келе жатқан мерекемен құттықтап, мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Соғыстан кейінгі жылдары ардагерлер Алексей Сергеевич Печелатов, Мария Алексеевна Матюшина және Николай Андреевич Ступка бау-бақша, мал шаруашылығы салаларында жұмыс істеп, өнеркәсіпті дамытуға ат салысты. Олардың өмір жолы - халыққа қызмет етудің, жанқиярлық еңбек пен патриотизмнің үлгісі.

- Кез-келген адам майдан даласындағы ауыр қиыншылықтарды жеңіп, ұзақ өмір сүргенімен мақтана алмайды. Соғыстан кейін сіздер мемлекетіміздің нығаюы мен дамуына үлкен үлес қостыңыздар. Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз үшін мың алғыс айтамын, - деді Асайын Байханов.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

 

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/550737?lang=kk