Жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық маңызды проблема табылады елдің экономикалық және саяси дамуы үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру-елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық прогрестің маңызды қадамдарының бірі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз өкілеттіктері шегінде, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға себеп болатын жағдайлар мен жағдайларды анықтау және жою.

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

Пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке кім тартылуы мүмкін?

Пара алушыға мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдары (әрі қарай – лауазымды адамдар) жатады.

Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам.

Пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайы кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз:

- өзін өте мұқият ұстау, сыпайы, жағымпазданбай, аңғырт пікірлерге жол бермей, пара беруші (параны қорқытып алушы) оны пара алуға дайын екендігі туралы ұғынбауға жол бермеу немесе пара алудан (беруден) үзілді-кесілді бас тарту;

- Сізге айтылған ұсыныстарды зейін салып тыңдап, айнытпай есте сақтауға (сомма мөлшері, тауардың атауы және қызмет түрі, мерзімі және параны беру тәсілі, комерциялық сатып алу түрі, мәселені жүйелі шешу);

- пара беру уақытын және орны туралы мәселелерді келесі әңгімеге дейін қалдыруға тырысу және келесі кездесуге Сізге жақсы таныс жерді ұсыныңыз;

- әңгімелесу кезінде бастаманы өзіңізге алмаңыз, көбінесе «тыңдаңыз», ықтимал пара алушыны (пара берушіні) «сөйлетіңіз», Сізге көп мағлұматтарды айтқызуға тырысыңыз;

- егер Сізде жаз құралы диктафон болған жағдайда пара ұсыну немесе оны қорқытып алу жағдайын (білдіртпей) жазып алыңыз. 

Егер сіз сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің куәгері немесе қатысушысы болсаңыз, сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз:

14-24

8747-404-14-24

"ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар ААИ" ММ  320657 Инспекцияның мекенжайы Павлодар қаласы, М.Жусүп кощесі 92/1