Жемқорлыққа жол берілмесін!

Жемқорлыққа жол берілмесін!

Жақында Павлодар аудандық қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның жер телімдерін бөлу, кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау (грант) беру және су құбырларын салу және реконструкциялау салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері бойынша отырысы өтті. Жиынға Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов және осы мәселеге мүдделі мемлекеттік орган өкілдері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, грантқа өтінім берген азаматтар қатысты.

Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, аудан әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері жер бөлу салаларында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдауға қаржылай көмек көрсету,  су құбырларын салу және қайта жаңарту жұмыстары да үнемі бақылауда болу керектігін жеткізді.