2022 жылғы 21 қыркүйекте МӘМС енгізу бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Кузят Н.П., әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша КЕАҚ ФПО халықты ақпараттандыру жөніндегі бас сарапшысы - Сафронова В.Е., және Павлодар ауданы емханасының МӘМС бойынша спикері-Елеукина А. А.құрамында Чернорецк және Григорьевка ауылдық округіне барды.
Азаматтардың жеңілдікті санатарына толық ақпарат берілді, Қарагөл ауылының тұрғынының медициналық сақтандыруды жаңарту туралы өтініші оң шешілді.