ҚР Ауыл шаруашылығы министрі келді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі келді

17 қыркүйекте Павлодар ауданына жұмыс сапарымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев келді.

 

Сапар барысында Григорьевка ауылдық округінің «Андас» шаруа қожалығында болып, 2019 жылы салынған сыйымдылығы 19000 тонна көкөніс қоймасымен танысты. Жобаның құны 820,0 млн. теңгені құрады. Картоп өндірісінің жобалық қуаты жылына 49 500 тоннаны, көкөніс жылына 7140 тоннаны құрайды. Картоп салудың технологиялық процесі ұсынылды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрі 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылыс барысымен танысты. Инвестиция сомасы 5000,0 млн. теңгені құрайды. СТФ үшін жабдықтар, бұзауларға арналған үйлер, сүтке арналған танк, сүт айдауға арналған жабдық, сондай-ақ қора жабдығының бір бөлігі сатып алынды. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары өз қаражаты есебінен жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр.

 

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі