ЖАҢА ОРТАЛЫҚ - ЖАСТАР ҮШІН

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ - ЖАСТАР ҮШІН

Өткен аптада Новочерноярка Мәдениет үйінде жастарға арналған креативті шығармашылық орталық ашылды. Ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслям құттықтады.

Ержан Иманслямұлы шығармашылық әлеуетті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, жастарға табыс тіледі. Ауылдық округ әкімі Ермек Тоқтауылов және ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы Мейрамгүл Жабықова шығармашылық жоспарлардың табысты жүзеге асуын тіледі және өз тарапынан жастарға қолдау мен көмек көрсетуге уәде берді.

Жаңа орталықта диван, екі кресло, үстел, теледидар, сондай-ақ синтезатор бар. Орталықты жөндеу мен жайластыруға Мәдениет үйінің қызметкерлері мен ауыл жастары атсалысты. Ілияс Жарылғаповтың басшылығымен Евгений Облыгин, Ануар Брехт, Адиль Брехт және Никита Глаголев орталықты жайластыруға белсенді қатысты. Ауылда белсенді демалыс үшін орындар бар болғанымен, бірақ жастар кешке жиналып, сөйлесе алатын, үстел ойындарын ойнайтын орын осы уақытқа дейін болған жоқ. Аудан жастарының жоспарлары көп. Біреу синтезаторда, гитарада ойнауды, біреу вокалмен айналысуды үйренгісі келеді. Жақын арада ауылда өзінің жастар вокалдық тобы пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, әзілкештер командасын құру және көрші ауылдардың жастарымен кездесулер өткізу жоспарда бар.

Уақытты қалай тиімді өткіземін, шығармашылығымды қалай шыңдасам болады деген сұрақтар бұдан былай новочернояркалық жастарды мазаламауы тиіс. Өйткені, жалынды жастар үшін өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жастар орталығы өз жұмысын бастады.