Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Новочернояркада Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты митинг өтті. 9 мамырда Павлодар ауданының жұртшылығы Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бір минуттық үнсіздік жариялап, опат болған ерлерді еске алды. Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрмағамбетов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Нина Чуланова қатысты.

Сол күні аудандық мәслихатының хатшысы Вера Гейнц, депутат Бақытбек Баткеев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дмитрий Корепанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Нина Чуланова және Черноярка ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Алевтина Гавриленко Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Матюшинаға барып, сыйлықтарын табыс етті. Сондай-ақ, мерекелік делегация Сычевка ауылдық клубындағы концертті көрермен болып тамашалап, жергілікті Обелискке гүл шоқтарын қойды.