Облыс әкімі атынан құттықтау хат

Облыс әкімі атынан құттықтау хат

Ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Черноярка ауылының тұрғыны Мария Матюшина 96 жасқа келді. Черноярка ауылдық округінің әкімі Ермек Тоқтауылов соғыс ардагерін туған күнімен құттықтап, Павлодар облысы әкімі Әбілхайыр Сқақовтың атынан құттықтау хатын табыс етті.

Мария Алексеевнаға мықты денсаулық, тыныштық, бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешуін тілейміз.