Баға тұрақтылығы назарда

Баға тұрақтылығы назарда

Азық-түлік тауарларына, оның ішінде әсіресе, әлеуметтік маңызы зор тағам түрлеріне бағаны шарықтатпай, ұстап тұру қатаң бақылануда. Аудан басшысы Ержан Иманслям елді мекендерге ат басын бұрып, дүкендерге барып, жағдайды жеке бақылауында ұстауда.

Павлодар ауданының сауда бөлімшелеріндегі әлеуметтік маңызды тауар өнімдері бағаларына мониторинг жүргізілуде. Сауда объектілерінің иелерімен әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының сауда үлесін 15 %-дан артық көтерілуін болдырмау жөнінде түсіндірмелік жұмыс жүргізілді.

Ауданда 13 әлеуметтік дүкен бар, әрбір округте бір-бірден орналасқан. 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Павлодар» ӘКК Тұрақтандыру қорынан 22 тонна өнім сатып алынды. ӘМТӨ бағаларын ұстап тұру және Тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатып алу жұмыстары жалғасуда.