УЛЫ ГАЗ: ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ.

УЛЫ ГАЗ: ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ.

  Ауа-райының салқындауына байланысты пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жазатайым оқиғалар саны артып және адам қазасы орын алады.
Осы оқиғалар көбінесе аяздар басталысымен, сұйық және қатты отынмен пеш жағу көбейгенде және халық қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескермегенде орын алады.
Ауада әр түрлері отынның толық жанбаған кезінде тұншықтырғыш газ пайда болады. Пештің түтін шығатын орнын (жапқышты) отын толық жанып болмай ерте жабу кезінде улану жиі болады. Жанбаған көмір көмірқышқылмен әрекеттеседі және тұншықтырғыш газды түзеді.
Сонымен бірге, тұншықтырғыш газбен уланудың өзге себептері болу мүмкін: пешті қолдану ережелерін бұзу (пеш қалқанын уақытынан бұрын жабу, отынға ауаның жеткіліксіз келуі, түтіннің жеткіліксіз тартымы), пеш және мұржаның жұмысқа жарамсыздығы (пештің құрылысында жарықтар болуы, мұржаның бітелуі).
Тұншықтырғыш газдың түсі мен иісінің жоқтығы оны аса қауіпті етеді. Уланудың симптомдарын анықтау қиын, сондықтан дімкәстіктің себебі улы газ болып табылатынын білмеуге де болады. Бір ғимараттағы барлық адамдарда бірдей симптомдардың пайда болуы тұншықтырғыш газбен улану уақытын белгілеуге мүмкіндік береді.
Тұншықтырғыш газбен улану симптомдары әртүрлі – бас ауру, самайда соққылар, жүрек айну, ұйқышылдық, аз уақытқа талып қалудан бастап сәл ауруларға, естен тану, тыныс алу мен ми қанайналымның бұзылуымен бірге коматозды күйге дейін болады. Ауыр жағдайларда жүректің қызметін тоқтатуы да мүмкін. Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жатқызу қажет.
Дәрігер келгенше науқасты таза ауаға шығару керек – бұл ауруханадан тыс жерде көрсетілетін бар көмек. Кейін стационар жағдайда оттегімен ұзақ дем қабылдау, аппаратпен жасанды тыныс алу өткізіледі; ағзаның зардап шеккен жүйелерінің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдар қолданылады.

 

Павлодар ауданың ТЖБ бастығы Оксана Вейц