Ардагерді Жаңа жылмен құттықтады

Ардагерді Жаңа жылмен құттықтады

Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслям және мәслихат хатшысы Вера Гейнц Сычевка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Матюшинаны келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мария Алексеевна – рухы мықты жан, жас кезінде ол майданға өз еркімен кетіп, Ұлы Отан соғысынан қан майданынан аман оралды, кейін тың игеру жұмыстарында еңбек етті. Өмір бойы Отанымыздың игілігі үшін еңбек еткен жан. Қазір 95 жасында ол әлі де газет, журнал және кітаптан көз жазып көрген емес, оқығанды ұнатады. Күні бүгінде ол тек ауданда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар. Мария Алексеевнаны қызы Галина Георгиевна күтіп отыр, анасының жай-күйін жасап, көңілін аулауда.

Аудан басшысын Мария Алексеевна әдеттегідей күлімсірей қарсы алды. Ол жасы егделеніп қалғанына қарамастан, қонақтарды қарсы алғанды жақсы көреді.

Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ержан Иманслям ардагерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және амандық тілеп, Жаңа жылға сый-сияпатын жасады.

Алдымыздағы барыс жылы Мария Алексеевна үшін ерекше. Өзі дүниеге келген сонау 1926 жылда жұлдызы жарқырап туған бақытты кейуана, соғыстан елге аман оралып, ұл-қыздарын жеткізді, немере-шөберелері, тіпті шөпшектері де ардагердің ерлігін мақтан тұтады.