Ауыл еңбеккерлеріне алғыс

Ауыл еңбеккерлеріне алғыс

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткен дүйсенбіде Кемеңгер ауылында өтті. Аудандық Мәдениет үйінде ауданның ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлеріне, өнді-ріс озаттарына, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

 

Павлодар ауданы ежелден талантты, лайықты адамдармен танымал болған. Біздің ауданымыз мықты ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, бай және ертеден келе жатқан еңбек дәстүрлері бар қарқынды дамып келе жатқан шаруа қожалықтарының командасы болған және болып қала береді. Баға жетпес тәжірибенің, даналықтың, аграрийлердің алтын қолының арқасында біздің ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді.

Аудан әкімі Ержан Иманслям ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Еңбектеріңіз жемісті болсын, құрғақшылық пен нөсер алқаптарыңызды айналып өтсін, – деп тіледі Ержан Иманслямұлы мереке қонақтарына. – Жер-ана Сіздердің еңбектеріңіз үшін өнімін молынан төксін және Қазақстанымыз гүлдене берсін, әр жылы жиналған өнімнің арқасында өміріміз жақсарып, әрбір отба-сының әл-ауқаты арта берсін!

Құттықтау сөздерінен кейін аудан басшысы шаруаларға лайықты марапаттарын табыс етті. «Еңбек ардагері» медаліне «Аққұдық» ШҚ басшысы Салман Нұрғалиев; ҚР Ауыл шаруашылығы минис-трлігінің Құрмет грамотасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хатына «Арман» ШҚ басшысы Ботагөз Ілиясова ие болды. Кәсіпкер Анатолий Хохленко мен шаруа қожалығының басшысы Әділет Сәрсенов те осындай хаттар алды.

Павлодар ауданы әкімінің Құрмет грамотасын «Тurкеу PVL» ЖШС жұмысшысы Бақыт Таймасоваға, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айнұр Мағзұмова және «Тұрсынғали» ШҚ басшысы Тұрсынғали Ғазизовқа табыстады. Екі еңбеккер – «Кирова» ЖШС механизаторы Владимир Добромыслов және «Дәнекер» ШҚ қызметкері Кәрібай Әубәкіров аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы «Agro-Trade PV» ЖШС директоры Қуаныш Темірғалиннің, «Жаңа қала» ШҚ директоры Ардақ Қажаттың, «Тurкеу PVL» ЖШС жұмысшысы Бағлан Қашкированың және «Кирова» ЖШС ұрықтандырушысы Иван Мамчийдің өңір экономикасының дамуына қосқан үлесін атап өтті – оларға алғыс хаттар табыс етілді.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Динара Досанова жерлестерін мерекемен құттықтап, Павлодар ауданы көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып қала беретінін атап өтті. Ол өз ведомствосының алғыс хаттарын «Жаңа қала» ШҚ механизаторы Александр Петренко мен «Кирова» ЖШС сауыншысы Ирина Тисленкоға табыс етті. Ауданның үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі мерекелік концертпен аяқталды. Айдана Бейсембаева, «Эридан» би тобы, Петр Пучек, Ризабек Сапаров, Әсемгүл Мекебаева, «Ивушка» және «Селяне» вокалдық топтары, Тоқтар Нұрбеков, Айдарбек Көпеев музыкалық нөмірлерімен қуантты.