Құрметті ауыл шаруашылығының еңбеккерлері! Қадірлі еңбек ардагерлері!

Құрметті ауыл шаруашылығының еңбеккерлері! Қадірлі еңбек ардагерлері!

Сіздерді егемен еліміз айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлттың тамыры, халықтың түбірі қайда десе, ең алдымен, туған ауылымыз есімізге түседі. Ал сол ауылдарымызды өз маңдай терлерімен еңбек етіп, көркейтіп жатқан – ауыл шаруашылығы еңбеккерлері. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауылшаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға ризашылығымызды жеткіземіз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

 

Құрметпен, Павлодар ауданының әкімі Ержан ИМАНСЛЯМ