Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні ресми түрде қарашаның үшінші жексенбісінде тойланып келеді. Осыған орай «Луганск» ӨК мерекелік шара ұйымдастырды.
Маңызды мемлекеттік марапатқа «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісіне ӨК төрағасы Петр Кузьменко ие болды. Аталмыш шара Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслямның, оның орынбасары Гүлнар Сейітқазинаның және кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Динара Досанованың қатысуымен өтті. Құрметті қонақ ретінде облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының басшысы Павел Сурма шақырылды.
Сала мамандарының құрметіне орай ұйымдастырылған шара «Луганск» ӨК еңбек-сүйгіш қызметкерлері ұжымының көп жылғы еңбегінің қорытындылары туралы фильмді көрсетуден басталды. Бірінші болып өндірістік кооперативінің төрағасы Петр Кузьменко елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге алғыс айтып, жоғары жетістіктерімен құттықтады. Ол осы жылдың қорытындысын шығарып, қиын уақытқа қарамастан, кәсіпорын қажетті егін мөлшерін жинап, өсу қарқынын сақтап қалғанын атап өтті.
Осыдан кейін Ержан Иманслямұлы жиналған қауым алдында сөз алып, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мере-келерімен құттықтады.
– Бұл - ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға, бүгін сіздерді құттықтап отырғаным - мен үшін құрмет. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жарқын жетістіктерге жол бастаған кооператив өркендеп, шырайлана берсін, - деп тіледі аудан басшысы.
Әкімнің орынбасары Гүлнар Сейітқазина өзінің құттықтау сөзінде «Луганск» ӨК арда-герлері мен жастарының өзара тығыз байланысын атап өтті. Ол ауыл тұрғындарына бірқатар марапаттар табыс етті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқаны үшін ЖЖМ және автогараж меңгерушісі Валентин Конрад, трактор-егіс бригадасының бригадирі Юрий Иваненко ауыл шаруашылығы басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Механизаторлар Владимир Пчельников пен Давид Шрайнер Павлодар ауданы әкімінің Алғыс хаттарына және «Луганск» ӨК-тен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Салтанатты жиында жалпы 173 қызметкер марапатқа ие болды. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерді де ұмытпай, мереке құрметіне орай кәсіпорынның 72 ардагеріне бес келіден жылқы еті мен ақшалай сыйлық берілді. Мерекелік ет үлесінің осыншама мөлшері «Луганск» ӨК 247 жұмысшысының әрқайсысына бөлінді. Үздіктерді марапаттау үшін өндірістік кооператив басқармасы сегіз жарым миллион теңге бөлді.