Тұрмыстық өрт жағдайындағы іс-әрекеттер

Тұрмыстық өрт жағдайындағы іс-әрекеттер

Өрт – әрқашан қайғы. Бірақ өрт болған жағдайда кез келген адам әрекет етудің қарапайым ережелерін біле бермейді.Және де бала кезімізден  белгілі – «101 нөміріне хабарласыңыздар» сөзі ұмыт қалады. Қиын жағдайда сізге көмек беретін бірнеше кеңес. Ең бастысы – сабыр сақтау.

ПӘТЕРДЕН ШЫҚҚАН ӨРТ

Өрттердің көбі тұрғын үйлерде шығады.Олардың себептері көбінесе бірдей – ескірген коммуникациялар мен электр сымдары, темекі шегу, электр қондырғыларын қараусыз қалдыру.

Егер сіздің үйде немесе көршіңізде өрт бола қалған  жағдайда- ең бастысы, өрт сөндірушілерді шақыру. Егер тұрмыстық электр қондырғысы жанса оны тоқтан ажырату қажет, телевизор жанса вилканы розеткадан айыру керек. Есіңізде болсын! Жанып жатқан теледидар көп мөлшерде токсинді заттар бөледі, сондықтан  адамдарды тез арада шығару керек.Ауаның баруын тоқтату үшін, теледидарды қалың матамен жабу қажет. Ол көмектеспесе, артқы жағынан су құйыңыз. Су құйғанда алысырақ тұрыңыз,өйткені кинескоп жарылып кетуі мүмкін. Терезелер мен желдеткіштер жабық екеніне көз жеткізіңіз – сырттан келген ауа өртке күш береді. Егер электр қондырғылары немесе электр сымы жанып жатса, тоқ қосқышты сөндіріп барып, өрт сөндірушілерді шақыртыңыз.

Егер өрт бөлмелердің бірінде шықса, есікті жабуды ұмытпаңыз – ол өрттің басқа бөлмелерге тарауына жол бермейді.

Басқа бөлмелерге түтін жайылмауы үщін, есікті дымқыл шүберектермен қымтаңыз.Күшті түтін жағдайында тізерлеп немесе өрмелеп жүу қажет.Өртті сумен ғана сөндіру дұрыс емес.Ең алдымен өрт сөндіргішті қолдану керек,ол болмаған жағдайда дымқыл шүберек,құм не болмаса жерді пайдалану керек.

АС ҮЙДЕН ШЫҚҚАН ӨРТ

Өрт көбінесе ас үйден шығады. Одан қалай сақтану керек?

Есте сақтаңыздар,ас үйде тез жанатын заттар мен әр түрлі шүберектерді сақтау қауіпті. Ас үйде плитаға жақын ілінген шымылдықтар желдің ықпалымен тез жанады.Сондықтан ас үйде керек емес заттарды,ескі жиһазды,макулатураны ұстаудың қажеті жоқ. Не істеу керек?

Егер май жанса (кастрюльде немесе табада) газ бен электр тоғының берілуін тоқтатыңыз.Кастрюль немесе табаның қақпағын жауып, өртті сөндіру үшін салқындағанша ұстау қажет, әйтпесе өрт қайта жануы мүмкін.Жанып жатқан май еденге не қабырғаға төгілсе, кез келген кір жуу ұнтағын (ұнтақты өрт сөндіргіш ретінде) қолданыңыз.Плита қызыған кезде оны сөндіріп, дымқыл шүберекпен жабу керек.

БҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ:

Жану кезінде улы газдар бөлінеді: синильді қышқыл, фосген, т.б., ал ауада оттегі құрамы төмендейді. Сондықтан өрт қана емес, түтін де қауіпті. Өрт кезінде адам ағзасының реакциясын да есепке алу керек:

түтінді газ:0,01% - бас аурулары, 0,05% - бас айналу, 0,1% - талып қалу, 0,2% - кома, өлім, 0,5% - тез өлім;

көмірқышқыл газы:0,5% -  дейін ағзаға зиян келмейді, 0,5% - дан 7% - ға дейін - жүрек соғысының жиілеуі,10% - демалу орталықтары параличінің басталуы, демалу орталықтарының параличі және өлім.

 

Павлодар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Арман Мусагажинов