Шағын және орта бизнес субъектілеріне түсіндіру үшін ақпарат

Шағын және орта бизнес субъектілеріне түсіндіру үшін ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына сәйкес:

- Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады;

-   Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде - он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады;

- Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы):

      - тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 75 бабының 3 тармағына сәйкес Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу ескерту жасауға әкеп соғады.