POS-терминалды міндетті қолдану

POS-терминалды міндетті қолдану

Құрметті кәсіпкерлер!

 

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 11-VI ҚР Заңы 25-бабының 11-тармағына сәйкес, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегіні қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін  (ҚР Үкіметінің «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысымен бекітілген)жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды(құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.

Осы нормативтік актіде белгiленген талаптар сауда операциялары, қолма-қол ақшаны пайдаланусыз жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде ақшалай төлемдердi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.

Бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 195-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы ескерту жасауға әкеп соғады, қайталап бұзған жағдайда – айыппұл(шағын бизнеске – 40 АЕК, орташа бизнеске – 60 АЕК, ірі бизнеске-80 АЕК).