Кемеңгер ауылында аудан басшысы Ержан Иманслям қоғамдық құрылымдардың, аудандық және ауылдық ардагерлер кеңестері, аналар кеңестері, этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті. Барлық санитарлық нормалар сақталуы қамтамасыз етіліп, жиналғандар Мәдениет үйіне арнайы QR-кодты «Ashyq» жүйесі арқылы кірді.
Жиналғандар бірінші кезекте ҚР Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» Жолдауының негізгі ережелерін талқылап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы қарастырды. Одан әрі Ержан Иманслямұлы тұрғындар арасында вакциналау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Біз әрдайым аға буынмен кездесуге уақыт таба білуіміз керек. Кездесудің жемісті өткені қуантады. Біз өзара қолдауға ие болдық, болашақта бұл ауылдағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі, – деп сенім білдірді аудан әкімі, – жалпы вакцинациядан кейін ұжымдық иммунитетке ие бола отырып, біз осы тектес кездесулерді неғұрлым ауқымды форматта жалғастыратынымызға сенімдімін.
Өз кезегінде жиналғандар аудан басшылығына көңіл бөліп, қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.
– Бүгін бізге көп көңіл бөлінгеніне өте қуаныштымыз. Пандемия кезінде Аналар кеңесі үлкен жұмыс атқарды, қиын уақытта ауыл тұрғындарына белсенді көмек көрсетті. Өз кезегінде, бізге аудан басшылығы, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы және, әрине, біздің тұрақты қатысушымыз Светлана Шин – жан-жақты қолдау көрсетті, – деп атап өтті Павлодар ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Баян Тоқсанбаева.
Сондай-ақ, Чернорецк ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Үміт Төлеубаева, Розовка ауылының неміс мәдениеті орталығының жетекшісі Наталья Колесник, славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Жанна Архипова және басқалары жиналғандарға жылы лебіздерін білдірді.
Аудандық Мәдениет үйі әншілері мен кездесу қонақтарының күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт кездесудің жағымды қорытындысына айналды. Сонымен, патриоттық тақырыптағы дәстүрлі жарқын нөмірлерден басқа, белорус этномәдени бірлестігінің жетекшісі Петр Пучек жанды әнімен көрермендерді қуантты, аналарға арналған әсем әнді Заря ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Ақтоты Марданова орындады.