Білім күні құтты болсын!

Білім күні құтты болсын!

Ауданымызда жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты жиындар өтті. Луганск ауылында педагогтарды, оқушылар мен олардың ата-аналарын аудан басшысы Ержан Иманслям, округ әкімі Вадим Щеглов және «Луганск» ӨК төрағасы Петр Кузьменко құттықтады.

 

– Қыркүйектің басы баяғыда-ақ біз үшін игі бастамалардың, жаңалықтар мен жетістіктердің символына айналды. Биылғы жылы біз оқу процесін оффлайн режимде бастаймыз, бұл ретте әрбір бала мен жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға басты назар аудару қажет, – деп атап өтті Ержан Иманслямұлы.

Сондай-ақ, аудан басшысы мұғалімдерге үлкен ризашылығын білдірді. Олардың кәсіпқойлығының, тәжірибесінің, оқытуда заманауи әдістемелерді пайдалануының арқасында Павлодар ауданы өңірде білім беру сапасының жоғары көрсеткіштеріне ие.

Балаларды Павлодар ауданының танымал меценаты, «Луганск» ӨК төрағасы Петр Кузьменко құттықтады. Сондай-ақ, салтанатты жиын аясында осы жазда «Луганск» ӨК еңбек десантын құрған белсенді оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Петр Петрович оларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

– Биыл бізде 14 және одан жоғары жастағы 24 оқушы жұмыс істеді. Бұл – тамаша бастама, бұл игі дәстүрге айналады деп үміттенемін, – деп атап өтті «Луганск» ӨК төрағасы.

Луганск мектебінің директоры Екатерина Радионова оқушылар мен олардың ата-аналарына жылы лебіздерімен жүгінді. Мерекенің қадірлі қонақтарымен бірге ол 1-сынып оқушыларына олардың алғашқы әліппелерін табыс етті, сондай-ақ барлық қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар, ол барлық мектеп іс-шараларының тұрақты демеушісі Петр Кузьменкоға көмек пен қолдау үшін алғыс айтты.