Ауыл тұрғындарын су мәселесі алаңдатады

Ауыл тұрғындарын су мәселесі алаңдатады

Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслям Чернорецк ауылдық округінде болып, кәсіпкерлерменкездесіп, Достық, Қаракөл, Пресное ауылдарын аралап, ауылтұрғындарыныңсұрақтарынажауапберді.

«Мақаш» көкөніс шаруа қожалығында қазір картоптың ерте сұрыптарын жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Аудан әкімін ШҚ басшысы Есімжан Мақаш қарсы алды, ол суармалы алқаптарды көрсетіп, биыл алғаш рет спринклерлік суарудың жаңа жүйесін қолдана бастағанын атап өтті.

– Биыл біз 26 гектар жерге картоп отырғыздық. Біз 650-700 тонна картоп аламыз деп күтеміз, ерте пісетін сорттар үшін бұл – жақсы өнімділік көрсеткіші. Бізде суарудың бес түрі қолданылады. Тамшылатып суарудан, жаңбырлатқыш машиналармен суарудан басқа, біз спринклерлік әдісті қолдана бастадық. Бұл – табиғи жаңбыр әдісі бойынша суару. Спринклерлік суаруға арналған

жабдықтың құны арзан емес, субсидия алуға үміттімін, – деп Есімжан Асайұлы жоспарларымен бөлісті.

Қазіргі уақытта «Тоғас С» ЖШС арпа жинауға дайындалуда. Кәсіпорын басшысы Бауыржан Алтай егістікке шығу үшін комбайндарын дайындау үстінде.

– Биыл біз 1000 гектар арпа ектік. Құрғақ жазға қарамастан, егін жақсы болады. Біз үшін ең бастысы – оны уақытында жинау. Жақында комбайн сынып қалғандықтан, жаңа қосалқы бөлшектерді күтіп отырмыз, жөндеуден шыға сала бірден егістікке шығамыз. Бұл жерде кешігуге болмайды, – деді Бауыржан Алтайұлы.

Аудан әкімі «Мақаш» шаруа қожалығы мен «Тоғас С» ЖШС қызметкерлерінің саны, олардың жаппай егін жинау кезеңіндегі жалақысы туралы сұрастырды. Орташа алғанда, егін жинау кезеңінде жұмысшылар жүзден екі жүз мың теңгеге дейін еңбекақы алады.

Одан кейін аудан әкімі Чернорецк ауылындағы барлық әлеуметтік нысандарды аралады, Мәдениет үйінде ауыл активімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар ауданның су тапшылығы мәселесін көтерді, бұл әсіресе жаздың ыстық айларында байқалады.

Ауылдық округ әкімі Серік Омаровтың айтуынша, ауыл тұрғындары бақшаны суару үшін тазартылған, арнайы сүзгілерден өткен суды жиі пайдаланады. Қыста мұндай проблема жоқ, судың жетіспеушілігі маусым мен шілде айларында байқалады. Ауылдың байырғы тұрғыны

Амеш Мақаш та осы мәселені қозғап, осы түйткілді мәселені шешуді сұрады. Ауыл басшысы атап

өткендей, бұл үшін екінші сорғы станциясының құрылысы қажет, 2013 жылы су құбырын салу барысында ол ескерілмей қалып қойған. Сондықтан, мұндай үлкен ауылды сумен қамтамасыз ету үшін бір сорғы станциясы жеткіліксіз. Тұрғындар тұрмыстық қажеттіліктеріне, бақша және малды суаруға ұңғыма қазып, соны пайдалануы тиіс. Өйткені тазартылған су тек ауыз суға арналған.

Сондай-ақ, кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыл әкімшілігінің алыс жерде, шетте орналасқандығына және бұл біршама қолайсыздық тудыратынына шағымданды. Осы сұрақты оңтайлы шешу үшін ауылдықтар орталықта тұрған бос ғимаратты қайта жандандыруды ұсынуда.

Сапар барысында аудан әкімі ауылдық дәрігерлік амбулаторияға, №1 Чернорецк мектебіне, балабақшаға да барды.

Достық ауылында Ержан Иманслям мұндағы ірі шаруа қожалығының басшысы Сания Байдалиновамен кездесті. Кәсіпкер симментал тұқымды сиырларды ұстайды, жыл бойы сүт тапсырып келеді. Қазір шаруа қожалығында ең жауапты кезең – қысқа дайындық жүргізілуде, мал

азығын дайындау жүріп жатыр.

Бұл ауылда да тұрғындар таза ауыз сумен қамтуда қиыншылық көруде. Аудан басшысы бұл мәселені жан-жақты зерттеу қажет екенін атап өтіп, сапалы ауыз суға қол жеткізу үшін тазарту қондырғыларын орнату мәселесіне көңіл бөлу керектігін ескертті.

Аудан әкімі Қаракөлде бастауыш мектептің жаңа оқу жылына дайындығын бақылап, бөбектерге арналған шағын орталық пен жеке меншіктегі клубты аралап шықты.

Пресное ауылында аудан әкімі жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың барлығын өзінің жеке бақылауына алды. Сондай-ақ, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік бекеті мен орта мектептің жұмысымен танысты.