Ауданда екпе салу жұмысы қалай жүргізілуде?

Ауданда екпе салу жұмысы қалай жүргізілуде?

 

Павлодар ауданы тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алуда. Жұқпалы індеттің алдын алу үшін вакцина салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Халықтың екпеге деген ықыласы жақсы.Павлодар ауданында COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салу жөніндегі жұмыстар ақпан айында басталды. Аудандық емхананың қызметкерлері алдын ала аудан тұрғындарына коронавирус инфекциясының алдын алу және вакцина салу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Екпе салу – COVID-19 вирустық инфекциясымен күрестің ең тиімді жолы болып табылатыны жайлы дәрігерлер халыққа жан-жақты айтуда. Аудан бойынша екпе салдырту жұмыстарының қарқыны жаман емес. Вакцина салдырмас бұрын пациент дәрігерге тексерілуі қажет. Вакцинациялау – ол аумақты процесс. Вакцина алған пациент 30 минут бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Себебі, вакцина алғаннан кейін кейбіреулерінде

әлсіздік, кейбіреуінде психогендік реакция болуы мүмкін немесе кейбіреулері «ине салудан» қорқуы мүмкін. Тек қана COVID-19-ға қарсы вакцинаның ғана емес, жалпы кез келген вакцинадан кейін болатын жауап ретіндегі әсерлері бар. Олар – жергілікті және жалпы әсерлер. Мысалы, жергілікті әсері, ол екпе салған орнының қызаруы, ісінуі, қызуы болуы мүмкін. Ал жалпы әсері – қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, өзін жайсыз сезінуі. Жұқпалы дертке қарсы вакцина қабылдауда мемлекеттік қызметкерлердің үлесі жоғары. Өз саулығы арқылы өзгенің амандығын

ойлаған аудан тұрғындары саны да күннен-күнге көбеюде. Осы күнге дейін өңір бойынша 9 мыңға жуық адам екпе алған. Індеттің үдеуіне байланысты, күніне 100-ден астам адам келіп екпе алып жатыр дейді мамандар. Бүгінге дейін мұнда екпенің 1-ші компонентін 8778 адам, ал 2-ші

компонентін 7049 адам алып үлгерген.

Аталған аты жаман індеттен арылудың бірден-бір жолы екпені алу екені белгілі болды. Сондай-ақ санитарлық талаптарды қатаң сақтауымыз қажет, сонда ғана бұл індеттен арылатын боламыз.