Балық аулау және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік

Балық аулау және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік

Өздеріңіз білетіндей, балық аулау және аң аулау белсенді демалыстың сүйікті түрі болып табылады, бірақ балық аулау немесе аң аулау кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамау кері қайтарылмайтын салдарға әкеледі, атап айтқанда, әсіресе қару-жарақты қолданғанда. Аң аулағандағы басты мәселе - бұл сақтық және ұқыптылық.

Осы жағдайлардың алдын алу мақсатындаПавлодар ауданының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аудан тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ балық аулау мен аң аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтарды таратты.

Осы жағдайлардың алдын алу үшін балық аулау мен аңшылық кезінде қауіпсіздіктің негізгі ережелерін ұстану керек:

1) балық аулауға дейін, сіздер аулайтын аймақты зерттеу керек;

2) кеменің қызмет ету қабілеттілігін тексеріп, оны кұтқару кеудешесімен немесе құтқару құралымен жабдықтау керек; 3) Сізде алғашқы көмек көрсету жәшігі, шам, компас және ескерту құрылғысы болуы керек;

4) Кемеде суды соруға арналған шелек немесе басқа ыдыстың болуы қажет;

5) балық аулау мен аң аулау кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады;

6) Мылтықпен ату кезінде, ыңғайлы орынды таңдау керек, әйтпесе мылтықтан атқан уақытта, адамды борттан тастауы мүмкін;

7) Қайық қозғалған уақытта адамдың тұрмау қажет, әсіресе қозғалтқышы бар кемеде, Бұрылған кезінде жылдамдықты азайтыңыз.

8) Егер қозғалтқышқа орнатылатын ыдыста жанармай болса, онда жанармайды қозғалтқыш салқындағаннан кейін ғана толтыру керек, әйтпесе өрт пайда болуы мүмкін.

Төтенше жағдайда «112» жедел қызметіне қоңырау шалу керек.