Хабарландыру

Хабарландыру

Павлодар аумақтық инспекциясы сізге 2021 жылдың 4 маусымнан бастап ауылдық округтер аумағында уыттылығы жоғары пестицидтерді қолдана отырып, шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізілетіндігін хабарлайды. Саяқ шегірткелерге қарсы - 1715 га, аса қауіпті яғни  итальяндық шегірткеге қарсы - 1200 га.

Осыған байланысты біз малжайылымын және ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлерін өңделетін жерлерге айдауға уақытша шектеу  қою қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Омарталарды қауіпсіз қашықтыққа ауыстырып (кем дегенде 4-5 км) және араларды өңдеуден кейін 96-120 сағат ішінде ұшыртуға шектеу қою қажет.

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК

«Павлодар аудандық

аумақтық инспекция» ММ