Жылжымалы медициналық кешен – Жаңачернояркада

Жылжымалы медициналық кешен – Жаңачернояркада

Өткен аптада Жаңачерноярка ауылынааудандық емхананың заманауи құрылғылармен жабдықталған Жылжымалы медициналықкешені барып, емханамыздың білікті мамандарыхалыққа қажет медициналық көмек көрсетті.Ауыл тұрғындары дән разылықтарын айтыпжатты.

 

Былтыр жыл соңына таман Жылжымалы медициналық кешенмен қамтылған аудандық медициналық мекеме бұған дейінаталмыш ауылға сынақ ретінде шығып, флюорография жасап үлгерген екен. Кешенді қысқы уақытта пайдаланудың өзіндікқиындықтары да жоқ емес, пайдалану шарттарында ауа температурасы -10 градустан төмен болмауы керек деп көрсетілген. Дегенмен, халықтың өтініші бойынша жолға шығып, қызмет көрсетілді.Осы айда Мичурино ауылына да ат басы бұрылмақ және ондабарлығы 600-ге жуық адамды тексеру жоспарланған. Осылайша,аптасына екі мәрте ауылдарға шығып, науқастарға қажет қызметұсынылатын болады. Сондай-ақ жыл бойы аталмыш кешендібалалардың скринингін өткізу үшін де пайдалану көзделуде.Өйткені тез әрі тиімді екенін айтып бөліскен аудандық емхана басдәрігері Гүлназ Қайырбаева кешеннің іші қалай жабдықталғанынайтып берді.

– Ұлттық даму министрлігінің арқасында осындай баға жетпесжылжымалы медициналық кешенге қол жеткіздік. 157 миллионтеңгелік медициналық кешен ішінде флюорограф орналасқан,мұның көмегімен адам денесінің жоғарғы бөлігін, яғни бас сүйегі,мойын, кеуде тұсын рентгенге түсіруге болады және әрине, еңжиі қолданылатын – флюорографпен қамтылған, өйткені адамдар жыл сайын одан өтіп тұруы керек, сондай-ақ жалпы тәжірибедәрігері қабылдайтын орын бар, жаңачернояркалықтардың өтінішібойынша ол жерде невропатолог дәрігер қабылдау жүргізетін

болды. Зертхана бөлігінде тест жүйесі арқылы қандағы глюкоза,қант мөлшері, қазірде індет жайлағандықтан, аса маңызды болыпотырған қанның ұюы көрсеткіші анықталады. Функционалдық диагностика дәрігерінің орны бар, бұл жолы мұнда кардиолог қабылдаужүргізеді. Бұл маман сондай-ақ УДЗ зерттеуін жүргізеді. Ең соңғы,жеке бөлікте акушер-гинеколог маман қабылдау жүргізеді. Ол жерарнайы кресломен жабдықталған. Негізінде, төрт жұмыс орны бар,бірақ жол жүретін округте қандай тар бейінді мамандарға қажеттілікжоғары болса, сол мамандармен, қажет жабдықтармен қамтылыпотырады, – деді аудандық емхана бас дәрігері Гүлназ Қайырбаева.

Иә, шынымен де, мұндай заманауи жылжымалы медициналықкешеннің маңызы зор. Қаралуға келіп жатқан тұрғындар саны да азболған жоқ.

– Кәрі кісілерге қалаға қатынау қиын ғой, бүгін келген мамандарғакөрініп, қажетті ем тағайындағандары үшін рақмет, – дейді невропатолог маманның қарауында болған кейуана Қорлан Ахметова.

– Қазір дені сап-сау адам кемде-кем ғой. Әсіресе, қарт адамдар ақ халатты абзал жандарымыздың көмегіне аса мұқтаж. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауырмасада, барып, көрініп, алдын-алу қажет. Сондықтан, ауылымыздағыдәрігерлік амбулаторияға тұрғындар әрдайым барып, қаралып отырады. Дегенмен, тар бейінді мамандардың жоқтығы қолайсыздық

тудырады, қалаға ат арылтып баруға тура келеді. Қазіргідей пандемия жағдайында әрі-бері жүріп-тұрудың өзі қорқынышты. Автобустар да жүрмейді, көлік те таппай қалатын жағдайлар болады.

Егде адамдарға қиын. Сол себепті осылай ауылға келіп, қажетмедициналық қызметтерін ұсынып жатқандары өте қолайлы.Алдын-ала ескертілсе, науқас міндетті түрде келіп, қаралатын

болады. Округімізде 400-ге жуық зейнеткер бар, оның 200-і –Жаңачерноярка тұрғындары. Бізге осындай жағдай жасап жатқанжандарға алғысымыз зор, – дейді ауылдық округ ардагерлер

кеңесінің төрайымы Алевтина Гавриленко.

Жол-көлік апатынан кейін мүгедектер арбасына таңылып,жүріп-тұруы қиындаған науқас та ауылға келген Жылжымалы медициналық кешеннің арқасында невропатолог маманныңқарауында болды. Айта кету керек, автобус ішінде орналасқанаталмыш кешенде мұндай науқастардың көтеріліп, түсуі үшін арнайы құрылғы орнатылған.

Кардиолог маманның да қарауында оннан аса науқас болды. ЭКГ, УДЗ жасалып жатты. Қаралып жүрген науқастар да, отажасатқаннан кейінгілер де тексерістен өтуге келген. Негізінен

рентген аппаратынан өткендер қарасы көп болды. Аз уақыт ішіндежиырмаға жуық науқастың кеуде тұсы рентгенге түсірілді. Індеткебайланысты алдын-алу мақсатында өтіп жатқан болуы керек, –дейді мамандар.