Депутаттық фракция сайлауалды бағдарламаны іске асырудың жол картасын талқылады

Депутаттық фракция сайлауалды бағдарламаны іске асырудың жол картасын талқылады

Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Павлодар аудандықфилиалының төрағасы Жанат Шұғаевтың қатысуымен аудандықмәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Павлодар ауданының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарғаарналған Жол картасының жобасы талқыланды.

 

Жол картасының әзірленгенжобасы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын толық әрі сапалы іске асыру жөніндегі барлыққажетті шараларды қамтиды.

Бағдарлама аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әлауқатын тұрақты жақсарту үшінжағдай жасауға бағытталған. Сайлауалды бағдарламаны іске асырубойынша Жол картасы 7 бағыттықамтып, 73 іс-шара жоспарланған.Жол картасының әр тармағыныңтиімді іске асып, орындалуы әрдепутаттың жеке бақылауындаболмақ, ол үшін әр депутатқа салалар бекітіліп берілді.

Жол картасының негізгі бағыттары: экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтікбағытталған аудан; жастарғаарналған аудан, бай тарихы менмәдениеті бар аудан, ашық жәнеесеп беретін жергілікті органдар,қауіпсіз аудан.

«Экономикалық тұрақты аудан»бағыты бойынша агроөнеркәсіптіккешен мен кәсіпкерлікті, оның

ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығанхалықты дамытуға жәрдемдесубойынша тоғыз іс-шара көзделген.Жоспарланған шаралар бес жылішінде 4 мыңнан астам жаңажұмыс орындарын құруға, орташа жалақыны 1,3 есе арттыруға,еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыруға, шағын және орта бизнескәсіпорындарының санын 1350бірлікке дейін ұлғайтуға мүмкіндікбереді.

Екінші бағыт – «Жайлы аудан»,жолдардың сапасын, халықтыңөмір сүру жағдайын, таза ауызсуға қол жеткізуді, экологиялыққауіпсіздікті жақсарту бойыншаон үш іс-шараны көздейді. Жақсыжәне қанағаттанарлық жағдайдағыаудандық маңызы бар автомобильжолдарының үлесін 95%-ға дейін

ұлғайту; тұрғын үймен қамтамасызетуді бір адамға 24,4 шаршы метрге дейін ұлғайту және 2023 жылғақарай халықтың 100%-ын сапалыауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«Әлеуметтік бағытталған аудан» үшінші бағыты бойынша дабірқатар іс-шаралар жоспарланған.Олар – білім беру, денсаулықтысақтау және әлеуметтік саладағысапалы қызметтерге қол жеткізу.

Шараларды іске асыру өмірсүру ұзақтығын 74,1 жасқа дейінұлғайтуға, білім беру мекемелерінжөндеу мәселесін шешуге, үш жастан бастап балаларды мектепкедейінгі тәрбиемен және оқытументолық қамтуды қамтамасыз етуге,әлеуметтік инфрақұрылымның 125объектісін бейімдеуге, спортпен айналысатын ауыл тұрғындарыныңсанын 33%-ға дейін арттыруғамүмкіндік береді.

Төртінші бағыт «Жастарға арналған аудан» жастарды жұмыспенқамтамасыз ету, ауылдық жерлергетарту және сонда бекіту, олардыңшығармашылық тұрғыдан өзінөзі тануы үшін жағдай жасауғабағытталған. Мұндағы ең басты тармақ – жұмыспен қамту,жастардың жұмыссыздығын азайту.

Бесінші бағыт «Бай тарихы пенмәдениеті бар аудан» бірлікті,конфессияаралық және ұлтаралық

келісімді нығайтуға бағытталған онекі іс-шараны көздейді.Соңғы екі бағыт «Ашық жәнеесеп беретін жергілікті органдар»және «Қауіпсіз аудан» мемлекеттік органдар мен аудантұрғындары арасындағы өзарақарым-қатынастың жаңа сипатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсытиімді іс-қимыл жасауға, құқыққорғау органдарының қызметінжандандыруға, бейнебақылаужүйесін жетілдіруге және көшелердіжарықтандыруға мүмкіндік береді.

Жиын соңында аудан әкімі ЖанатРашитұлы 2021-2025 Жол картасыбойынша барлық іс-шаралардыжүзеге асыру әбден мүмкінекенін, бірақ өмір өз түзетулеріненгізетіні сөзсіз, бірақ халықтыңәл-ауқатын жақсарту мәселелеріәрқашан басымдыққа ие болатынын атап өтті. Сонымен қатар,бағытталған мақсат-міндеттердіңсапалы орындалуы ортақ іс екенін,әрбір жоспарланған жобаның деркезінде әрі тиісті деңгейде жүзегеасырылуға қажет екендігін атап өтті.