Кәсіпкерлікті дамытпаққа қайтпек керек?

Кәсіпкерлікті дамытпаққа қайтпек керек?

Өткен аптада аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудандықмәслихат депутаттарымен қолға алынған «Аманат» тобының отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Парламент мәжілісінің депутаты Анатолий Бойчин және аймағымыздың аудандық мәслихаттар хатшылары қатысты. әсіпкерлік мәселелері саласындағы олқылықтарназарға алынып, шешу жолдары қарастырылды.

 

«Аманат» тобының төрағасы БақытбекБаткеевтың ауданымызда кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асқан жұмыстар турасында тасталған сауалына кәсіпкерлік жәнеауыл шаруашылығы бөлімі басшысыныңорынбасары Болат Файзулин мәлімдемежасады. Айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасын іскеасыру аясында өткен жылы 5 млн теңгемөлшерінде екі грант бөлінген. 2020 жылдың1 қаңтарындағы жағдай бойынша, 1345шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерітіркелген, «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында13, «Бизнестің жол картасы - 2025» бойынша 18 несие қаржыландырылған. Өкінішкеорай, қазіргі уақытта 1345 шағын және ортакәсіпкерлік субъектілерінің 99-ның жұмысы

уақытша тоқтаған. Оның ішінде 129 заңдытұлғаның 18-і, 631 жеке кәсіпкерліктің63-і, 486 шаруа қожалығы не фермерлікқожалықтың 18-і кәсіпкерлігін тоқтатып отыр.

Елдегі пандемия жағдайына байланыстыаудан кәсіпкерлігі туризм, сауда, шетелденимпорттық мал сатып алу секілді салаларда шығынға ұшыраған. Сондай-ақ шағынжәне орта кәсіпкерліктің дамуына мал жәнеөсімдік шаруашылықтарымен айналысуүшін жердің жоқтығы кедергі келтіруде,«Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайымзаттар экономикасы» мемлекеттікбағдарламаларымен несие алу үшінөтінімдер қанағаттандырылмауының себебі– кепілзат ретінде қойылатын ауылдағы жылжымайтын мүлік өтімділігінің төмендігі.

Ауданымызда мал басының жыл сайын артуы орын алып, оларды бағар жердіңжоқтығы өзекті болып отыр. Жұмыспенқамту орталығының директоры Нұрсұлу Тұрлұбаеваның берген мәліметінен де белгіліболғандай, «2017-2021 жылдарға арналғаннәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппайкәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек»бағдарламасымен» ауылдағы ағайындар

негізінен мал алу үшін грант алады. Аталмыш бағдарлама бойынша грант алып,кәсіптерін бастаған жандар өкінішке орай,жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелмегендері декәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретінжайттардың бірі дейді мамандар. Аудандықмәслихат хатшысы Айтуған Шайхимовбақылау қатаң болуы керек деп қадап айтты.

– Көптеген кәсіпкерлер мемлекеттіңқолдауымен миллиондаған қаражат алыпалған, бірақ кәсіптерін дамытып жатыр деуге ауыз бармайды. Бұл қадағалаудыңжоқтығынан деп білемін. Барлығына грантбере берудің қажеті жоқ, – деді.

Кәсіпкерліктің не екенін, қолға алғаністі қалай дөңгелетуді бір адамдай білетінБақытбек Баткеев грант бөліп, қадағалаудыкәсіпкерлер палатасына беру керектігін алғатартты. Сонымен қатар, «Аманат» депутаттықтобы әрқашан ашық екендігін, мәселелердішешуге барынша күш жұмылдыратынын алғатартты.

Қазақстан Парламент мәжілісінің депутатыАнатолий Бойчин: «Кәсіпкерлікті дамытуғақатысты көптеген мәселелер бар. Мемлекет қаражатын игеріп қана қоймай, тиімдіпайдалануын қадағалау аса маңызды.Сонда ғана оң нәтиже болады. Әйтпесе,мемлекет қаражатын оңды-солды шашып,

еш нәтиже көрсете алмайтын күйде отырмыз. Бұл масылдыққа әкеледі. Кәсіпкерліксаласындағы олқылықтарды жою бойыншақолға алған бастамаларыңызды әрі қарай дажалғастырыңыздар, қолдан келгенше, көмекберуге әзірмін», – деді мәжілісмен.