Суға түсу кезінде тәртіп ережелері

Суға түсу кезінде тәртіп ережелері

Шоқыну шомылу кезінде сақ болуыңыз тиіс. Жүрек қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінде ақаулар бар, орталық және жанбас мүшелері ауырғанда, қалқанша без, перифериялы жүйкесінің бұзылыстары бар адамдарға суға тереңірек сүнгуге болмайды. Осындай әрекет болмас бұрын, дәрігердің кеңесіне жүгіну керек.

Суға сүңгу кезінде сақталатын негізгі ережелері:

- жүзу тек арнайы орындарда болуы тиіс және жанында құтқарушылар мен дәрігерлер болуы керек.

- суға түсер алдында денені қыздыратын жаттығулар жасау керек.

- суға түсер алдында кеуде торы тонып қалмау үшін астынғы жақтан, үстіңгі жаққа шешіну керек.

- жылулықты ұстап тұратын арнайы латекстан жасалған бас киім кию керек, оңтайлы жылу сақтау үшін.

- құлап қалмау үшін және аяқтан суық өткізіп алмау үшін, аяққа арнайы аяқ киім немесе жүн шұлық кию керек.

- денеге суық өтіп кетпес үшін суда 1 минуттан аса тұрмау керек.

- суға түсіп болғаннан кейін, тез арада денені сілкіп, киімді кеудеден бастап төмен кию керек  .

- жедел түрде арнайы термостан ыстық шайды ішу керек.

- АЯҒЫ АУЫР ӘЙЕЛДЕРГЕ СУҒА СҮНГУГЕ ТЫЙМ САЛЫНАДЫ!

- СУҒА СҮҢГУ АЛДЫНДА ІШІМДІКТІ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Ішімдік қолданған адам өз ағзасын дұрыс қадағалай алмағандықтан, ӨРА және пневмония ауруларына ұшырайды. Алайда ішімдік ағзаға жаман әсерді күшейтеді, дене ағзасына шектіру шұғыл әсер етеді, ол жүрек толмасына, инсультқа, гипертониялық кризисқа әкеп соқтырады.

 

 

Павлодар ауданы ТЖБ инженері Арман Мусагажинов