Павлодар облысында жайылымдық жерлердің тапшылығын азайту бағытында жұмыс жүргізілуде

Павлодар облысында жайылымдық жерлердің тапшылығын азайту бағытында жұмыс жүргізілуде

Бүгінгі таңда өңірдің 58 ауылында 99 мың гектарға жуық жайылым тапшылығы тіркелген, ал 289 елді мекенде мал жаюға арналған жерлердің профициті (артықшылығы) байқалады. Павлодар облысындағы жайылымдық жерлердің жағдайы туралы @pavlodar.rsk алаңында жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтып берді. Қазіргі уақытта жайылымдардың жалпы алаңы 8,3 миллион гектарды құрайды. Бұл аймақтың жалпы аумағының 66%-ы. - Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 5,1 миллион гектардан астам жайылым бекітілген, - деді спикер. - Елді мекен жерлеріндегі мал жаюға арналған алқаптардың аумағы 1,6 миллион гектарды құрайды. Тағы 454 мың гектар бос жатқан (запас) жерлерге кіреді. Талдау көрсеткендей, Павлодар облысында 1 миллионнан астам мал басы бар болса, шамамен 4,1 миллион гектар жайылымдық жер қажет. Яғни, өңірде жалпы жайылым тапшылығы жоқ. Нақтырақ айтсақ, халық үшін жайылым тапшылығы 58 ауылда тіркеліп, 99,2 мың гектарды құрап отыр. Сонымен қатар, 289 ауылда жайылымдық жерлердің профициті бар. Дегенмен, жайылымдардың бар болғанына қарамастан, олардың көліктік қолжетімділігі мен инфрақұрылымы шектеулі күйінде қалуда. Мал негізінен ауылдардан 3–8 км радиуста жайылады. Ал алыс жайылымдар жолдың және суаттардың жоқтығынан пайдаланылмайды. Алайда, жер қатынастары басқармасы бұл мәселедегі басты проблема ретінде жайылым айналымы жүйесінің жоқтығын атады. Дәл осы себепті бір аумақтарға шамадан тыс күш түсуде. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары 717 мың гектардан астам тозған жайылымдарды анықтады, оларға көпжылдық шөптерді егу немесе шабындыққа айналдыру (залужение) қажет. Жердің кімге тиесілі екендігіне байланысты бұл жұмыстармен жергілікті атқарушы органдар немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер айналысуы тиіс.

Фото: Gemini