
Химиялық өңдеу жұмыстары барлық 10 ауданда, сондай-ақ Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарында жоспарланған. Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Арман Шүйкенов @pavlodar.rsk алаңында шегіртке тектес зиянкестермен күрес туралы айтып берді. Оның мәлімдеуінше, биыл итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстарымен шамамен 12,8 мың гектар алқап қамтылады. Бұл өткен егіс науқанымен салыстырғанда 1,5 есеге аз және зиянкестер санының табиғи биологиялық төмендеуімен байланысты. - Мониторинг нәтижесінде 23,8 мың гектар алқапта шегіртке анықталды, - деді спикер. - Оның ішінде 6,2 мың гектары химиялық өңдеуге жататын жерлер қатарына жатқызылды. Бүгінгі таңда бұл жерлер толығымен өңделді. Ең ауқымды жұмыстар Баянауыл, Май және Аққулы аудандарында, сондай-ақ Ақсу қаласының ауылдық аймағында жүргізілді. Үйірлі емес шегіртке түрлеріне қарсы да ауқымды жұмыстар атқарылды. Өңдеу жұмыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен 36 мың гектардан сәл асатын алқапта жүргізілуде. Бүгінгі таңда 31 мың гектары өңделді. Ақтоғай, Павлодар және Успен аудандарында, сондай-ақ Павлодар және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында өңдеу жұмыстары толық аяқталды.
Фото: Gemini