Бүгін Кемеңгер ауылының Мәдениет үйі алаңында Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті

Бүгін Кемеңгер ауылының Мәдениет үйі алаңында Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті

Мерекеге Павлодар ауданының аз қамтылған және толық емес отбасыларынан шыққан балалар қатысты. Балғындар концерттік бағдарламаны тамашалап, түрлі дамыту ойындарына қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Балаларды мерекемен аудан әкімі Дидар Ибраев құттықтады. Жазғы демалыстың басталуына орай ол бүлдіршіндерге қызықты демалыс, жарқын әсерлер, жаңа достар мен ұмытылмас жазғы күндер тіледі. Мереке қонақтарының алдында Кемеңгер балалар өнер мектебінің оқушылары мен аудан мектептерінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Әсем әндер шырқалып, әсерлі би нөмірлері орындалды. Заманауи трендтегі билер де көпшіліктің көңілінен шығып, балалар мен ересектер өнерпаздармен бірге би билеп, мерекелік көңіл күйді бөлісті. Шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, тегін балмұздақ, тәттілер мен бауырсақтар ұсынылды.