
Павлодар ауданында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру аяқталу сатысында.
Жоба аясында әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы заманауи стандарттарға сәйкес жаңғыртылды.
2020–2025 жылдар аралығында ауданның 13 ауылында 54 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.
6 жыл ішінде 12 ауылда 42 шақырым ауылішілік жол жөнделді.
7 білім беру нысаны, 7 мәдениет нысаны және 1 спорт нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, Ольгинка ауылында Мәдениет үйінің ғимараты әкімшілік ғимаратқа қайта жаңғыртылды, сондай-ақ Заря ауылында толық өлшемді футбол алаңы салынды.
Аталған мақсаттарға 3 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.
Ағымдағы жылдың жазында Мичурино ауылында 250 орындық Мәдениет үйінің құрылысы бойынша екі жылдық жоба аяқталады.
Жобаларды іске асыру ауылдық аумақтарды дамытуға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.