
Бұл мереке – нәзіктік пен мейірімнің, сұлулық пен ізгіліктің символы. Әйел заты әрдайым отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі болып келеді. Ананың ақ жүрегі мен мейірімі, әйелдің парасаты мен табандылығы – қоғамымыздың берекесі мен тұрақтылығының басты кепілі. Бүгінде ауданымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде әйелдердің орны ерекше. Сіздер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызмет салаларында табысты еңбек етіп, туған өлкеміздің дамуына үлкен үлес қосып келесіздер. Қазақ халқы ежелден әйел-ананы ерекше құрметтеген. Өйткені ұрпақ тәрбиесі, отбасының берекесі мен ұлттық құндылықтардың сақталуы ең алдымен ананың даналығы мен мейіріміне байланысты. Осы жарқын мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығы мен толағай табыс тілеймін. Әр шаңырақта береке мен шаттық орнап, жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Құрметпен, Павлодар ауданының әкімі Д.Ибраев