Облыс әкімі ауданымызға келді

Облыс әкімі ауданымызға келді

Павлодар облысының әкімі бірнеше елді мекенді аралап, ауыл тұрғындарымен,

ұстаздармен және фермерлермен кездесті.

Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарын Даниловка ауылының маңындағы экологиялық мекеннен бастады. Жер иелігінің негізін қалаушылардың бірі Юрий Гашек айтқандай, мұнда «жерді сауықтырғысы келетін» адамдар тұрады. 17 жыл ішінде эко-мекеннің тұрғындары ондаған мың ағаш отырғызып, бүкіл Павлодар облысын тегін көшеттермен қамтамасыз етіп отыр.

– Бүгінде жер иелігінде жыл бойы төрт отбасы тұрады, тағы он отбасы үй салумен айналысады, – деп атап өтті Юрий Гашек. – Біз өңірімізде ең көп жерсінетін ағаштарды – қарағай, терек, балқарағай, қайың және басқаларын отырғызамыз. Алғашында тұқым сатып алсақ, қазір өз тәлімбағымыз бар. Маусымда экологиялық акцияларды өткізу үшін біз 2-3 мың көшетке дейін тегін таратамыз. Соңғы бірнеше жылда экологиялық мекенде «Бақыт» деп аталатын табиғи мектеп іске қосылды. Жобаның мақсаты ересектер балалар үйлері мен жалпы білім беретін мектептердің балаларын ағаш отырғызуға шақырып, шұңқырлар қазып, отырғызылатын материалдарды дайындауға үйретеді. Облыс әкімі бұл жұмысқа мүмкіндігінше көп бала тартуды

ұсынды.

– Жазғы уақытта экскурсиялар аясында жер иелігіне бара алатын экологиялық отрядтар құруға болады, – деді өңір басшысы. – Бұл біздің тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін тиімді болар еді.

Ефремовка ауылында Әбілқайыр Сқақов жергілікті мектепте болды. Оқу орнының басты мақтанышы – Ефремовканың барлық тұрғындары арқасында ашылған мұражай. Өңір басшысы сондай-ақ биыл «Жергілікті өзін-өзі басқарудың» шешімінен кейін салынған жаңа шағын футбол алаңында болды.

– Бюджеттің төртінші деңгейі жақында енгізілді, оның мақсаты – ауыл тұрғындарына өз бюджетін қалаулары бойынша бөлуге мүмкіндік беру, – деді әкім тұрғындармен кездесу барысында. – Тұрғындар өздерінің елді мекендерінде бірінші кезекте қандай міндеттерді шешу керектігін жақсырақ біледі. Әсіресе абаттандыру мәселелерінде халықтың қатысуы маңызды. Өңір басшысы Розовка ауылында «Киров» ЖШС сүт-тауар фермасының базасында болды. 2018 жылы кәсіпорында 420 бас ірі қара малға арналған кешен салынды. Сапалы жемшөп қорының және жыл бойы қорада ұстауға көшудің арқасында сауын айтарлықтай артты – тәулігіне 16-17-ден 22-23 литр сүтке дейін. Келесі аптада компанияда 420 бас ірі қара малға арналған тағы бір сиыр қорасын іске қосу жоспарлануда.

Жергілікті мектепте Әбілқайыр Сқақов педагогика саласы мамандарымен әңгімелесті. Соңғы уақытта ұстаздар ұжымы жас мамандармен толығуда. Ауылдық оқу орнында сабақ беретіндердің қатарында Ольга Киселева да бар. Жергілікті тұрғын 2018 жылы пединститутты тәмамдап, Розовкаға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша оралды.

– Бір жылдан кейін-ақ мен жеке тұрғын үй сатып алдым, – дейді дене шынықтыру мұғалімі. – Бүгінде біздің мектепте алты жас маман жұмыс істейді, олардың әрқайсысының өз пәтері бар. – Қаладан адамдар, соның ішінде жастар келген кезде ауыл өркендейді, – деді облыс әкімі. – Жергілікті атқарушы органдардың міндеті – ауылдың тұрмыс жағдайын қалалық жағдайға жақындату. Екінші жағынан, қала тұрғындары белгілі бір дәрежеде ауыл тұрғындарына қызыға алады. Мұнда өзіндік атмосфера, өмір салты бар және оған құрметпен қарау маңызды.

Ауылдық Мәдениет үйінде өңір басшысы өтеусіз грант немесе несие алған жас кәсіпкерлермен кездесті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ісін жаңа бастаған бизнесмендер тез тамақтану павильонын ашты, шаштараз қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ дүкен мен кафені іске қосты. Мысалы, Шолпан Мұстафина өткен жылы 505 мың теңге көлемінде грант алып, сүт өңдеу ісін жолға қойған. Оның шағын цехында қаймақ, сүзбе, ірімшік және май өндіріледі.