
Өңірде ана мен бала денсаулығы қалай қорғалатыны туралы @pavlodar.rsk алаңында Облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Гүлнар Буратаева айтып берді.
«Салауатты ана» пансионатын желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда. Ол жылына 50 әйелге арналған және бірінші кезекте шалғай ауылдардан келген босанатын әйелдерге бағытталған.
– Бұл қала ішінде тоқтайтын жері жоқ, бірақ дәрігерлік көмекке мұқтаж әйелдерге көрсетілетін көмек болады, – деді облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Гүлнар Буратаева. – Біз күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатқан жеке ғимарат бөлдік. Пансионатта плацентаның төмен орналасуы, жатырда көптеген тыртықтары бар және басқа да асқынулары бар әйелдер тұрады деп жоспарлануда.
Пансионатта мерзімінен бұрын туылған нәрестелері бар аналар да оңалтудан өтуі мүмкін. Бүгінде перинаталдық орталықта генетик кабинеттері, босануға дайындық мектебі, ұрықты қорғау орталығы, сондай-ақ катамнез кабинеті жұмыс істейді.