
2025 жылғы 31 қазанда сағат 11:00-де Ольгинка ауылдық Мәдениет үйінде азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында республикалық әлеуметтік акция «Халық заңгері» өткізіледі.
Іс-шараға Павлодар ауданының прокуроры Ахметов Е.К., аудан әкімі Ибраев Д.Е., уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихат өкілдері, жеке сот орындаушылары, отбасыны қолдау орталығының басшысы қатысады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тегін заң көмегін көрсету.
Баршаңызды қатысуға шақырамыз!
Өтетін орны: Павлодар ауданы, Ольгинка ауылы, Мәдениет үйі
Уақыты: 31 қазан, сағат 11:00
Сіздің құқығыңыз – естілу және қорғалуыңыз!