Павлодар ауданының әкімі Дидар Ибраев аудан ұстаздарын кәсіби мерекемен құттықтады.
Осы күні білім саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосқан үздік мұғалімдер облыс басшылығы мен аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік бағдарламадағы ерекше сыйлық – мектеп директорларының өнер көрсетуі болды. Олар мерекеге арнап арнайы музыкалық құттықтау дайындап, бейнебаян түсіріп, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
Шара ұстаздар қауымын бір арнаға тоғыстырып, мұғалім еңбегінің қадір-қасиеті мен қоғамдағы орнының зор екенін тағы бір мәрте айқындады.
Дереккөз: "Заман тынысы" - "Нива" газеті.