Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі - ҚР СИМ) «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, өз тауарларын Alibaba.com интернет-платформада ұсынғысы келетін қазақстандық компаниялар үшін 2020 жылғы 7-8 қазан аралығында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін оқыту вебинарлары циклін өткізіледі.

Alibaba.com – ұйымға (B2B) арналған сауда алаңы, оның қызметтеріне 190 елдегі сатып алушылар жүгінеді.

Вебинар бағдарламасы Alibaba.com платформасына дүкенді қосу алгоритмін, B2B және B2C платформаларында жылжыту құралдарын, маркетинг, логистика мәселелерін шешу және тағы басқа тақырыптарын қамтиды.

Вебинарда сондай-ақ, Alibaba.com сауда алаңында ҚР СИМ сервистік қолдауын және «Алтын жеткізуші» (Gold Supplier) мәртебесі бар аккаунттарды алу үшін қазақстандық ұйымдарды (тауар өндірушілер мен сауда компанияларын) іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны жарияланады.

Вебинарларға тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет:   https://bit.ly/3kSOdRP

 

 

Семинарлар бағдарламасы 7-8 қазан 2020 ж.

 

Өтетін уақыты: 10:00-12:00

10:00-10:15 «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ электрондық алаңдарға экспорттаушыларды шығару жөніндегі департамент директоры М. А. Жаңабергенованың алғы сөзі.

10:15-12:00 «МД-Инсайт» ЖШҚ өкілдері, сайттың ресми сервис-серіктесі Alibaba.com Ресейде Қазақстан компаниялары үшін вебинарлардың оқыту циклі таныстырылады.

Мақсаты: кәсіпкерлерді Қазақстан өндірушілерінің тауарлары мен қызметтерін әлемдік нарыққа экспорттау үшін В2В ірі платформасын пайдалануға үйрету.

 

 

Тақырыбы: Alibaba.comәлемдік жеткізушілердің бірыңғай платформасы

 

Вебинарлардың мазмұны

 

7 қазан

10:15-12:00 Спикер: Каданцева Мария – Ресейдегі Alibaba.com сервис-серіктестің, МД-ИНСАЙТ компаниясының бас директоры.

Вебинар мазмұны:

  • Неге Alibaba.com - В2В сегментіндегі № 1 алаң.
  • В2В және В2С-дегі жылжу айырмашылығы.
  • Жылжудың керемет құралдары
  • Alibaba.com-ға тендерлік алаң
  • Дүкенді қосу алгоритмі (талдау, төлем, тексеру, безендіру)
  • Alibaba.com-дағы Қазақстан тауарлары
  • Тауарларға сұраныс - негізгі аналитика
  • Сіз нарықты қаншалықты жақсы басқарасыз (интерактивті тест)

 

8 қазан

10:00-12:00 Спикер: Матанина Евгения – Ресейдегі Alibaba.com сервис-серіктестің, МД-ИНСАЙТ компаниясының аға сервис-менеджері.

Вебинар мазмұны:

  • Компанияны шығуға дайындау, не күту керек
  • Маман дайындау
  • Компанияның аңызын жасаймыз
  • Мазмұнды (контент) сату – бұл қалай?
  • Сіздің дүкеніңіз дайын – бұдан әрі не болады.
  • Хаттар мен КҰ үлгілерін, жарнамалық каталогтарды әзірлеу.
  • Өнім сипаттамасындағы логистикалық бөлім
  • Біз басқалардың қателіктерінен үйренеміз – сәтті жағдайларды және басқару мен жылжудағы әдеттегі қателіктерді талдау.

 

Өз құзыреттіліктеріңізді шыңдаңыз және бәсекелестерді басып озыңыз!