Аудан әкімі Дидар Ибраев Жолдау - ел дамуының стратегиялық бағдары екенін атап өтті:
«Президент еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Цифрландыру, жасанды интеллект және әділетті қоғам құруға айрықша көңіл бөлінді. Бұл тапсырмаларды орындау – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Бүгінгі жиын – болашаққа бірге қадам басуымыздың айқын дәлелі».
Жиында аудан әкімінің орынбасары Хамза Оразбеков агроөнеркәсіптік секторды дамыту мен инвестиция тарту мәселелерін баяндады. Әлеуметтік салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Самал Айтқазина Жолдауда айтылған әлеуметтік саясаттағы өзгерістерге тоқталды. Жастар атынан сөз сөйлеген Расул Тұрғанбек Президенттің экология саласындағы бастамаларын қолдап, қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау мен “Таза Қазақстан” бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.
"Заман тынысы" аудандық газетінен