Құрметті тұрғындар!
Мемлекеттік қызметтер көрсету (оның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы) бойынша шағымдар мен ұсыныстарды жедел қарау мақсатында Telegram мессенджерінде ресми EgovKzBot2.0 бот-платформасы іске қосылды.
Бот арқылы сіз:
•Көрсетілген қызмет бойынша шағым жолдай аласыз;
•Қызмет көрсету сапасына баға бере аласыз;
•Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс енгізе аласыз;
•Бюрократия фактілері туралы хабарлай аласыз.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін осы сервисті пайдалануға шақырамыз.