2025 жылғы 15 шілдеде Павлодар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңес басталмас бұрын Ғадылжан Мутушұлы Маутинді зейнеткерлікке шығуына байланысты құттықтап, оның көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін жылы лебіздер мен алғыс білдірілді. Ардақты еңбек жолы зор құрметке лайық деп бағаланды, арнайы алғыс хат табысталды.
Кеңес барысында кадрлық өзгерістер де жарияланды:
- аудан әкімінің өкіміне сәйкес Павлодар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне Бейсекеев Қанат Төлеуұлы тағайындалды;
- аудан әкімінің өкіміне сәйкес Жаминов Қуандық Оразалыұлы Павлодар ауданы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Аппараттық кеңесте келесі мәселелер қаралды:
1) Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы. Баяндамашы – аудандық емхананың басшысы Каирбаева Г.М., қосымша баяндамашылар – Нуртаев Н.Н. және Аюпова Г.Б.
2) 2025 жылғы І жартыжылдықта өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы туралы. Баяндамашы – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кузят Н.П.
3) Өрт қауіпті кезең мен шомылу маусымының өту барысы туралы. Баяндамашы – ауданның ТЖ бөлімінің бастығы Асылханов Қ.Б.
Талқылау қорытындысы бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты мерзімдермен тапсырмалар берілді.