Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
2025 жылғы 8 шілдеден бастап Сәтбаев көшесі, 49-үй мекенжайында орналасқан Облыстық азаматтарды қабылдау орталығы Генерал Дүйсенов көшесі, 80 (Қалалық саябақтың жанында) мекенжай бойынша жаңа әкімшілік ғимаратқа көшеді.
Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін халыққа қызмет көрсету орталығымен (ХҚКО) бірлесіп бір алаңда, ғимараттың бірінші қабатында жүзеге асырады.
Жаңа ғимаратта біртұтас әрі ыңғайлы күту аймағы бар кеңістікте мемлекеттік органдардың өкілдіктері, қоғамдық қабылдау, 109 және 112 қызметтері, салтанатты шаралар өткізу залы бар АХАТ бөлімі, Отбасын қолдау және Еңбек мобильділігін арттыру орталықтары орналасады.
Азаматтар барлық мемлекеттік органдарға өз өтініштерін ыңғайлы жағдайда жолдай алады, түрлі кеңестер мен қызметтер алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, бұл жерде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазылуға болады. Қабылдаулар орталық алаңында бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 09:00–18:00, түскі үзіліс – 13:00–14:00.
Сұрақтарыңыз бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7182) 65-10-50.
Мекенжайы: Павлодар қ., Генерал Дүйсенов көшесі, 80.
Орталыққа мына қоғамдық көлікпен жетуге болады: