Құрметті Павлодар ауданының тұрғындары!
2025 жылғы 19 маусымда өңір аумағында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Сіздерге залалды өтеу бойынша өтініштер қабылданып жатқанын хабарлаймыз.
Зардап шеккен азаматтар келтірілген залал туралы өтініш беріп, тиісті көмек алу үшін Павлодар ауданы әкімдігіне және ауданның төтенше жағдайлар бөліміне жүгіне алады.
Байланыс телефондары:
Төтенше жағдай салдарынан келген залалды өтеу бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдауға жауапты тұлға — Павлодар ауданы әкімдігінің бас маманы Наталья Витальевна Плешкова.
Телефондар: +7 705 152 79 67, +7 (7182) 32-20-89.
Павлодар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде өтініштерді қабылдауға жауапты тұлға —Нұржан Қанатұлы Совет.
Телефондар: +7 771 425 99 76, +7 (7182) 64-41-12.