Хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде үш сайлау округі бойынша Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Заңғар сайлау округі

Заңғар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 503 азамат енгізілді, олардың 493-і дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аккузинов А.С. – 19; Балтабаева С.З. – 3; Сманов Р.К. – 462.

Заңғар ауылдық округінің әкімі болып Руслан Канатович Сманов сайланды, 1988 жылы туған, Заңғар ауылдық округінің әкімі, Заңғар ауылдық округінің Коряковка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

 

Чернорецк сайлау округі

Чернорецк ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1900 азамат енгізілді, олардың 1627-сі дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Мушкенова Г.Ш. – 53; Урунтаева А.С. – 162; Омаров С.И. – 1312.

Чернорецк ауылдық округінің әкімі болып Серик Идрисович Омаров сайланды, 1966 жылы туған, Чернорецк ауылдық округінің әкімі, Чернорецк ауылдық округінің Пресное ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

 

Черноярка сайлау округі

Черноярка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1782 азамат енгізілді, олардың 1655-і дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айтимова А.Е. – 44; Смагулова Ж.У. – 69; Тактаулов Е.Д. – 1497.

Черноярка ауылдық округінің әкімі болып Тактаулов Ермек Даньярович сайланды, 1973 жылы туған, Черноярка ауылдық округінің әкімі, Черноярка ауылдық округінің Новочерноярка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Павлодар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар ауданында ауыл, кент,

ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

Хабарлама

 

 

2021 жылғы 25 шілдеде үш сайлау округі бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 4185 азамат енгізілді, оның ішінде 3775 (90,2%) дауыс беруге қатысты.

Әкімдікке кандидаттар саны-9 адам.

Барлық 3 сайлау округінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде: партия ұсынған

«Nur Otan» - 3 адам,

Өзін - өзі ұсыну арқылы-6 адам.

 

 

 

 

 

 

Хабарлама
Дата публикации
26 июля 2021