Павлодар ауданының тағы бір ауылында жаңа мектеп бой көтереді

Павлодар ауданының тағы бір ауылында жаңа мектеп бой көтереді

13 наурызда ағымдағы жылда Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Павлодар ауданының Бірлік ауылына барып, ауыл тұрғындарымен жаңа мектеп салу мәселесін талқылады. Ауыл тұрғындары күн сайын 94 бала көрші ауылға оқуға баратынын жеткізді. Сонымен қатар, мектептің болмауына байланысты Бірлік ауылы балаларының қосымша үйірмелер мен секцияларға қатысуға мүмкіндіктері жоқ. Бұл ретте балалар саны артып келеді, егер бірнеше жыл бұрын ауылда 100-ден астам бала тұрса, қазір олардың саны 130-ға жеткен.